Грузия мен Армения паспорт режимін жою туралы келісімге қол қойды

522

Грузия мен Армения Премьер-министрлері Ираклий Гарибашвили мен Никол Пашинян Ереванда екі елдің азаматтарына жеке куәлікпен ғана өзара сапар жасауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды. 

Грузия мен Армения паспорт режимін жою туралы келісімге қол қойды Фото: img2.eadaily.com

Бұл туралы бейсенбіде Грузия Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Экономикалық үкіметаралық комиссия аяқталғаннан кейін екі ел премьер-министрлері Грузия мен Армения Республикасы арасындағы визасыз режимді одан әрі жеңілдететін құжатқа қол қойды және бұдан былай азаматтар шекарадан биометриялық жеке куәліктермен өте алады", — делінген хабарламада.

Отырыста Гарибашвили екі ел арасындағы сауда айналымы өткен жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында 70%-ға өсіп, 1 млрд-тан асқанын атап өтті. Гарибашвили туризм мен жүк тасымалдау салаларында оң динамика байқалатынын атап өтті.

Үкіметаралық комиссия отырысының жұмысына Грузия мен Армения үкіметінің мүшелері, сондай-ақ түрлі ведомстволардың өкілдері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу