Грузия шарап экспортын 38% арттырды

1180

Грузия шарап экспортын 38% арттырды

Грузия 2016 жылы 500 млн шөлмек (сыйымдылығы 0,75 литр)  жүзім шарабын экспорттаған. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 38%-ға көп, деп хабарлайды республиканың ұлттық шарап агенттігіне сілтеме жасаған "Интерфакс". Мекеменің мәліметі бойынша, былтыр грузин шарабының экспорты 53 елдің нарығын қамтыған. Одан түскен пайда 16%-ға – 113,8 млн долларға артқан, деп жазады newsru.com.

Хабарламада айтылғандай,  алдыңғы жылғыдай былтыр да Грузия шарабын  ірі импорттаушы Ресей болып отыр. Аталған елге шарап жеткізу  2016  жылы  48,7%-ға – 27 млн  222,1 мың шөлмекке дейін  артқан (жалпы экспорттың 54,4%). Ал  грузин шарабын негізгі импорттаушылар қатарында Украина (11,6% – 5 млн 811,1 мың шөлмек), Қытай – (10,6% – 5 млн 299,1 мың шөлмек, Қазақстан  (6,8% – 3 млн 393,4 мың шөлмек), Польша – (4,7% – 2 млн 329,8 мың шөлмек)  тұр.

Экспортқа жергілікті жерде өндірілген маркалы шараптар көп шығарылған.

Былтыр Грузия 17 елге 10 млн 367,9 мың шөлмек бренди (сыйымдылығы 0,5 литр) экспорттады, бұл  2015 жылмен салыстырғанда 43%-ға көп.   2016 жылы Грузия шарап пен брендидан өзге,  чача (грузин шарабы), басқа да  алкогольдік ішімдіктер, шараптектес сусындар мен коньяк экспорттады. Нәтижесінде сыртқы нарыққа саудалаудан келген жалпы кіріс  32,6%-ға және 194,3 млн долларға жетті.

2015 жылы Грузия 46 елге 36 млн 71,4 мың шөлмек шарап экспорттаған, бұл  2014  жылмен салыстырғанда 38,9%-ға аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу