Грузияға баратын туристер үшін жаңа ереже күшіне енді

166

Енді Грузияға баратын шетелдік туристерден медициналық сақтандыру талап етіледі. 

Грузияға баратын туристер үшін жаңа ереже күшіне енді Фото: iStock.com / tawatchaiprakobkit

Тиісті заң күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап. 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген туризм туралы заңға сәйкес, барлық шетелдік турист Грузияда болу мерзімінде медициналық сақтандырылуы тиіс. Сонымен қатар апаттық жағдайларға қарсы сақтандырылуы міндетті. Туристің сақтандырылу сомасы кемі 30 мың лари (11,1 мың долларға жуық) болуы қажет. Турист Грузияға кірген кезде көрсетуі тиіс сақтандыру полисі қағаз түрінде шығарылған немесе электронды түрде болуы мүмкін. Құжат грузин немесе ағылшын тілінде жасалуы қажеттігі айтылған.

Бұл жаңашылдық дипломатиялық төлқұжат иелеріне, халықаралық жүк және жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерге қолданылмайды. Туристерді сақтандыру міндетті болғанымен, сақтандыру полисі жоқтарға айыппұл көзделмеген.

Грузия парламенті 2023 жылғы желтоқсанда туризм туралы заң қабылдады. Соған сәйкес, 2024 жылғы 1 маусымнан бастап елге кіретін туристер үшін міндетті сақтандыру талабы күшіне енуі тиіс болатын. Кейін бұл норма қосымша жетілдіруді қажет еткендіктен, жаңа талаптың күшіне енуі 2026 жылғы 1 қаңтарға шегерілді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу