Грузияға саяхаттайтын қазақстандықтар саны артып келеді

820

Биылғы жылдың 5 айында 23,7 мың отандасымыз Грузияға барған.

Грузияға саяхаттайтын қазақстандықтар саны артып келеді

Қазақстандықтар Грузияға жиі баратын болып шықты. Бұл туралы Грузияның Ұлттық әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды elorda.info.

Грузияның Ұлттық әкімшілігінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы Қара теңіз жағалауында орналасқан бұл елге 58,9 мың қазақстандық болған. Ал биылғы жылдың 5 айында 23,7 мың отандасымыз Грузияға барған, бұл өз кезегінде 63% құрайды. Қазақстан Грузияға сапар шегуші елдердің ішінде 9-орында тұр.

"Бұндай көрсеткіштің болуы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуымен байланыстын. Сол сияқты туризм саласындағы әлеуеттің ілгерілеуімен тікелей әуе рейстерінің ашылуы өз әсерін тигізуде", – деп хабарлайды Ұлттық әкімшілік.

2018 жылы Грузияда жалпы саны 8 млн турист болып, 3,2 млрд доллар көлемінде табыс тапқан. "Грузияның туризм стратегиясына" сәйкес бұл көрсеткіш 2025 жылы артып, яғни бұл елге саяхаттап келушілердің саны 11 млн-ға, тиісінше туризмнен түсетін пайда көлемі 6 млрд-қа артады деп болжанып отыр.

Қазақстандық Kompas туроператының дерегінше, қазақстандықтардың Грузияға сапарлауы жыл санап артып келеді. Оған дәлел 2016 жылы Грузияға 1,4 мың адам аттанса, 2017 жылы 1,9 мың отандасымыз сапар шегіпті. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 2,5 мың адамға жетіп, биылғы жылдың өзінде 3 мыңға жуық қазақстандық Грузияға барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу