Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды

1119

Мемлекет басшысына оның бұрын алған мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс жасалды.    

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды Фото: qamshy.kz

Астанада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кінәлі деп танып және қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", деді судья Кемеңгер Имашев.

Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды рейдерлік жасады деген күдікпен былтыр наурызда қамауға алынған. Антикордың дерегінше, оның келтірген қаржылай залалы 10,5 млрд теңгеге бағаланды.  
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу