Гуманитарлық көмектің жеткізілуі мен таралуына бақылау жүргізіледі

804

Жұмыс тобы жүкті медициналық мекемелерге жеткенше бақылауда ұстайды.

Гуманитарлық көмектің жеткізілуі мен таралуына бақылау жүргізіледі

"Астана – адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, қалалық мәслихаттың депутаты, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Мирас Шекенов "ANTIKOR ORTALYGY" алаңында коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында Қазақстанға келетін гуманитарлық көмектің таралуы мен жеткізілуін бақылау қалай жүргізілетіні жөнінде айтты.

"Жобамыздың аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосымен және қоғам белсенділерімен бірлескен арнайы мониторинг тобы құрылды. Бұл жұмыс тобы Ресейден, Қытайдан, Түркиядан, Өзбекстаннан елге келетін гуманитарлық көмекті бақылап отырады. Гуманитарлық көмек "СК Фармация" қоймасында шоғырланады. Ал жұмыс тобы жүкті медициналық мекемелерге жеткенше бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жөнелтілген жүк те таратылады", – деді Мирас Шекенов.

Ал елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева елде гуманитарлық көмектің таралуы мен жеткізілуі кезінде заң бұзу оқиғасы тіркелмегенін атап айтты.

"Бұл жұмыс 15 шілде күні басталды. Әзірге заң бұзу оқиғасын байқаған жоқпыз. Дегенмен "тегін" мөрі басылған медициналық бұйымдардың сатылу фактісін білсеңіздер немесе қандай да бір ақпаратыңыз болса, жобаның 87751605532 нөміріне хабарлауыңызды өтінемін. Заң бұзушылық фактілері тек дәрі-дәрмектің бағасын сақтамауға қатысты болды. Барлық материалдарды сәйкес органдарға тапсырдық", – деді Жазира Жылқышиева.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу