Гватемаладағы жер сілкінісінен 5 адам қаза тапты

753

Гватемаладағы жер сілкінісінен 5 адам қаза тапты

Гватемалада жер сілкінді. Күші 6,9 балды құраған зілзала Мексикамен шекаралас аймақта болған,  Апаттан бес адам қаза тауып, 7 кісі жарақат алды. Елдің бірнеше штатында электр желілері үзіліп, жұрт жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Жер сілкінісінен Гватемалада 40-тан аса үй қираған. Көршілес Мексиканың Чьяпас штатында да ғимараттарға зақым келді. Тынық мұхитындағы цунамиді ескерту орталығының мамандары: "Зілзаладан толқын соғу қаупі жоқ", – дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу