Ғылыми-техникалық жобаға грант ұтып алатын мүмкіндік бар

802

Ол үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған байқауға қатысу керек.

Ғылыми-техникалық жобаға грант ұтып алатын мүмкіндік бар Фото: agroinvestor.ru

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқау жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қабылданады. Атап айтқанда:

– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– Энергетика және машина жасау;

– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 31 қазанға дейін https://is.ncste.kz сайтында жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу