Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Алматы хайуанаттар бағы табиғи жаңа жылдық шыршаларды қабылдауға арналған экологиялық бастаманы қолға алып отыр.
– Жиналған шыршалар жануарлар мекендейтін қоршауға қойылады. Олар бұғы, елік, кермарал, қабан және өзге де жануарлардың тіршілік ортасын байыту мақсатында пайдаланылады.
Мұндай табиғи нысандар жануарлар үшін қызықты: олар ағаштарды иіскеп, тістелеп, сүйкеніп, қабығын зерттеп, белсенділігін арттырады. Бұл күнделікті өміріне әр беріп, күйзелісті төмендетуге көмектеседі, – деп жазылған мәліметте.
Аталған акция экологиялық әрі тәрбиелік мәнге ие. Ол табиғатты қорғау мен саналы тұтыну жайлы ойланып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үндейді.