Хакерлер қаржы мен мемлекеттік органға шабуыл жасауын жиілетті

802

Қазақстанға хакерлік шабуыл жиіледі, деп хабарлайды Atameken Business.  

Хакерлер қаржы мен мемлекеттік органға шабуыл жасауын жиілетті

Алғашқы жарты жылдықта ақпараттық қауіпсіздікті бұзудың 13 мың 900 дерегі тіркелді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 15 пайызға көп. Ал шілдеде шабуылдар саны 16 мыңға жуықтады. Интернет-алаяқтар, көбіне қаржы секторын нысанаға алатыны анықталды. Одан кейінгі орында мемлекеттік органдар мен білім саласы тұр. Бүгінде әсіресе фишингтік ресурстардың таралуы қазақстандық интернет  пайдаланушылар үшін өзекті мәселеге айналған. Мәселен хакерлер банктер, пошта ұйымдары, сауда алаңдары, интернет-дүкендер мен такси қызметтерінің  атынан жалған хабарлама таратып, сілтемені басуды сұрайды. Сол арқылы пайдаланушының жеке деректеріне қол жеткізіп, арам ойларын жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу