Вирустық бағдарламалардың көмегімен хакерлер қазақстандық екінші деңгейлі үш банктің ақпараттық жүйесін ашқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Бүгінде полиция қызметкерлері істі тергеп жатыр.
Қылмыстық іс Алматы қаласында қаралуда. Оны ашуға министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері тартылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев киберқылмыстың елдегі банк саласы үшін үлкен қатер екенін айтқан еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу