Хакерлер НАТО сайттарына шабуыл жасады

607

Шабуыл бірден бірнеше сайтқа әсер еткен. 

Хакерлер НАТО сайттарына шабуыл жасады Фото: img3.eadaily.com

НАТО сайттары жексенбіде хакерлік шабуылға ұшырады, деп хабарлады Германияның DPA агенттігі альянстың 
баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

"НАТО жексенбіде хакерлік шабуылдың нысанасына айналды", — делінген хабарламада.

Альянс шабуыл бірден бірнеше сайтқа әсер етті деп мәлімдеді. НАТО өкілі альянстың кибер сарапшылары болған оқиғамен белсенді айналысып жатқанын атап өтті.

Әлеуметтік желілерде "ресейшіл белсенділер" НАТО-ның арнайы операциялар күштері штабының (NSHQ) біраз уақытқа бұғатталған сайтына шабуыл жасады деген ақпарат пайда болды. 

Шабуылда "ресейлік Killnet хакерлік тобы" айыпталды, делінген басылымда, бірақ нақты дәлелдер айтылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу