Халық 906 млрд теңге несиені 3 айдан бері қайтара алмай жүр

239

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар несиелерді провизиялармен өтеу деңгейі 67,7%-ды құрады.  

Халық 906 млрд теңге несиені 3 айдан бері қайтара алмай жүр Фото: shutterstock.com

2025 жылғы сәуірде тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлеменің 20,4%-дан 21,2%-ға дейін ұлғаюына байланысты халыққа теңгемен берілген несиелер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,9%-ға дейін өсті, деп жазады inbusiness.kz сайты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 01.05.2025ж. жағдай бойынша кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесі 2025 жылғы наурыздағы деңгейде сақталып, 3,4%-ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.

Халықтың кредиттері бойынша NPL90+ қарыздарының үлесі 01.05.2025ж. жағдай бойынша 4,2%-ды немесе 906 млрд теңгені, бизнеске берілген кредиттер бойынша 2,3%-ды 354 млрд теңгені құрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу