Халық АЭС салуға неге қарсы?

3088

Халық ішінде, біріншіден, радиофобия бар. Екіншіден, тарихта болған апаттар үрейлендіреді.

Халық АЭС салуға неге қарсы?

Бұны бүгін ОртКом қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Жаслан Қасенов айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Халық ішінде радиофобия бар. Яғни қазір атом энергетикасында қолданылатын технологиялар туралы жеткілікті деңгейде хабардар емес. Екіншіден, тарихи себеп бар. Мысалы, Семей полигонындағы жарылыс немесе әлем елдерінде болған Фукусимо, Чернобыль сынды апаттар үрейлендіреді. Негізгі себептер осы", – дейді Қасенов.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, әлемде экология мәселесі күн тәртібінде тұр әрі Париж келісіміне орай болашақта көмір энергиясын пайдалануды азайтуымыз керек, сондықтан АЭС салу шешімі қабылданып отыр. Ал жел мен күн секілді қалпына келетін энергия көздерін үздіксіз пайдалану мүмкін емес. 

Айта  кетейік, АЭС-тың қайда салынатыны, құрылысы қашан басталатыны әлі белгісіз. ШҚО-дағы Курчатов қаласы мен Алматы облысындағы Үлкен елді мекенінде салыну мүмкін екені жиі айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу