Халық әртісі Мақпал Жүнісова Президенттің жоғары марапатына ие болды

Марапатты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тапсырды.  

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Президенттің жоғары марапатына ие болды Фото: Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Қазір біздің ортамызда белгілі әнші әрі домбырашы Татьяна Николаевна Бурмистрова отыр. Ол жарты ғасырға жуық уақыт бойы қазақтың дәстүрлі өнерін белсенді түрде кеңінен дәріптеп, жас дарындарға үлгі-өнеге көрсетіп жүр. Бүгін мен Татьяна Бурмистроваға ең жоғары "Отан" орденін беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Сонымен қатар, бүгін жезтаңдай әнші, халқымыз, әсіресе, әйелдер қауымы жақсы көретін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі "Барыс" орденін тапсырамын. Михаил Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының актрисасы Марина Юрьевна Ганцева III дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталады, – деді Президент.

Кәсіби мереке күні мәдениет дамуына зор еңбек сіңірген бірнеше өнер қайраткеріне "Қазақстанның халық әртісі" атағы берілді. Жалпы, биыл елімізде 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу