Halyk Bank ТЖ кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие береді

868

Жаңа несиелік бағдарлама кез-келген саладағы бизнес иелеріне арналған. Тек  12 ай көлемінде қарызды қайтаруға тиіс.

Halyk Bank ТЖ кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие береді

Халық банк төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге 8%-бен жеңілдетілген несие бермек.  Бұл туралы қаржы орталығы басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев айтты, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қаржыландыру орта және шағын бизнес иелері үшін қарастырылған. Осылайша жеке кәсіпкерлер 50 млн теңгеге дейін несие ала алады. Ал компанияларға  3 млрд теңгеге дейін алуға мүмкіндік бар.

Жаңа несиелік бағдарлама кез-келген саладағы бизнес иелеріне арналған. Яғни шектеу жоқ. Тек  12 ай көлемінде қарызды қайтаруға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу