banner

Халық банк жаңа қызметтерін таныстырды

1184

Халық банк жаңа қызметтерін таныстырды

Apple Pay арқылы төлем жасау. Саусақтың ізі мен Фейс Айди арқылы дүкеннен тауарлды қалай сатып аламыз? Халық банкі қандай төлемдердің комиссиясын алып тастады? Әріптесім Әнуар Кәрбозов біліп қайтты.

Бұдан былай Хоумбанк немесе Wallet мобильді қосымшалары арқылы қолыңыздағы кез келген эпл смартфонымен, кез келген сауда орталығынан, кез келген өнімді сатып алуға болады. Ол үшін бар болғаны өзіңіздің халық банктің екі төлем жүейсі Виза мен Мастеркард карталарыңызды телефонға тіркеп қою керек. Ал егер картаңыз болмаса, санаулы секундтта өзіңіздің ұялы телефоныңыздан жеке виртуалды карта ашуға болады.

"Оңай төлемдерді жүргізу. Бұл біріншіден. Екіншіден ол қауіпсіз. Кәдімгі карталарада пин код арқылы төлем жүргізссеңіз мұнда саусақтың ізі немесе түріңізге қарап төлемдерді рәсімдеуге болады", - дейді "Қазақстан Халық банкі" АҚ маркетинг және PR директорының орынбасары Сағынбек Шункеев. 

Бұдан бөлек Эпл Пэйға алғаш тіркелгендердің карталарына 500 теңге сыйлық ретінде аударылады.  Айта кетсек, Халық банк карта арасындағы ақша аударымдарына төленіп келген комиссияны алып тастады.

"Әлемнің кез келген түкіпірне онлайн түрде ақша аударуды жүзеге асыратын біз алғашқы банкпыз. Вестерн юнион арқылы Африка болсын Европа болсын жан жақа ақша жіберуге мүмкіндік бар. Тек Халық банк клиенттері алыс жақын шет елдерге ақшаны үйде отырып ақ, хоум банк қосымшасы арқылы жүзеге асырады", - дейді "Қазақстан Халық банкі" АҚ басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Жағыпаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу