banner

Халық банкіне кибершабуыл жасаған қылмыскер ұсталды

919

Халық банкіне кибершабуыл жасаған қылмыскер ұсталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Қазақстанның Халық банкі" АҚ ақпараттық ресурстарына 2016 жылы қарашада кибершабуыл жасалып, қызметіне нұқсан келтірілу жайтын тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 210-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

"Жедел-іздеу шаралары нәтижесінде ҚР азаматы Е.А.С. ұсталды. Ол сараптамалар жүзінде дәлелденген бұлтартпас айғақтарға байланысты айыбын мойындады", — деп хабарлайды комитет.

Ведомство атап өткендей, айыптының кәмелеттік жасқа толмағанын, бұрын сотталмағанын, жәбірленуші тарапқа өз еркімен шығынды өтегенін, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық беруді ескере отырып Е.А.С. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу