Халық банкінің акциялары қымбаттап келеді

1043

Халық банкінің акциялары қымбаттап келеді

Халық банкінің құнды қағаздары Қазақстанның (KASE) және Лондонның (LSE) қор биржаларында қымбаттап келеді, деп хабарлайды LS.

16 қаңтардағы сауданың қорытындысы бойынша эмитенттің LSE-дегі құнды қағаздарының бағасы 6,24%-ға өсіп, 6,64 долларды құрады.

Ал KASE-дегі құнды қағаздарының бағасы 5,9%-ға артты. Котировкалары 53,58 теңгеден асты.

KASE-нің үздіктер тізіміне кіретін тағы бес акция да сауда күнінде өсім көрсетті.

KEGOC-тың бағалы қағаздары (+2,4%) 1305 теңгеге дейін қымбаттады. "БАСТа" (+0,8%), "ҚазМұнайГаз Барлау және Өңдеу (КМГ БӨ) (+0,6%) котировкалары  да аздап өсті.

Инвесторлар Kcell-дің акцияларына қызығушылық таныта бастаған(+0,6%).

Сонымен қатар KAZ Minerals құнды қағаздарының бағасы да өсіп келеді. Оның құны 1709 теңгеден асты (+1,2%).

Тек "ҚазТрансОйлдың" акциялары аздап төмендеді (-0,5%).

Жалпы алғанда KASE индексі 16 қаңтардың қорытындысы бойынша 1,35%-ға өсіп, 1438,73 пункті құрады.

Сонымен бірге кейбір отандық құнды қағаздар LSE-дегі сауда күнін ала-құла қорытындылады. Атап айтқанда,  ҚМГ БӨ (+0,73%) мен KAZ Minerals (+0,16%) сауданы өсіммен жапса, Kcell котировкалары керісінше, төмендеп кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу