Халық болашақ өміріне "сақ" қарап отыр

751

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) деректерінше, қыркүйектің соңына қарай сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері бір жылда 19%-ға ұлғайып, 1,7 трлн теңгеге немесе ЖІӨ-нің 2,31%-ына жетті. Активтердің ұлғаюы негізінен сақтандыру сыйлықақылары көлемінің өсуі және оларды бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен болады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Ranking сайтына сілтеп.

Халық болашақ өміріне "сақ" қарап отыр

Кейінгі бес жылда сақтандырушылардың активтері жылына орта есеппен 15,3%-ға өсуде. Осылайша, сектордың серпінді дамуы байқалады. Қазір сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру компаниялары.

Сақтандыру компанияларының меншікті капиталы – 721 млрд теңге. Былтырғы қыркүйектің аяғына дейінгі кезеңмен салыстырғанда 10,3%-ға артық.

Азаматтардың сақтандыру компанияларының өнімдеріне қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Осылайша, 2021 жылғы 1 қазандағы жағдайға сай, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 522 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда бірден 40%-ға артық.

Бұдан басқа, жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 8,6 млн болды. 2020 жылдағыдан 34,4%-ға артық. Өсім негізінен "КҚИ АҚЖМС" сақтандыру компаниясы бойынша жасалған сақтандыру шарттары санының 14% (511,4 мың), туристі сақтандыру шарттары – 4,2 есе (313,5 мың), өмірді сақтандыру шарттары 50,3% (548,3 мың) және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары 2,2 есе (640,8 мың) ұлғаюына байланысты болып отыр.
Сақтандыру сыйлықақыларының жалпы санының өсуі міндетті ғана емес, ерікті сақтандыру сегментінің өнімдеріне сұраныстың артуымен байланысты. Қыркүйектің соңындағы жағдайға сай, ерікті жеке сақтандыру бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақылары 84,6 млрд теңге өсті. Бұл былтырғы кезеңнен 61,2%-ға көп. Өсім негізінен өмірді сақтандыру санаты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 2 есе немесе 59 млрд теңге артуына байланысты.

Өмірді сақтандыру өмірді мерзімді сақтандыру, сондай-ақ жаңа ерікті жинақтаушы өнімдерді енгізу есебінен танымал болды. 2020 жылы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік депозитке балама ретінде unit-linked өмірді сақтандырудың инвестициялық өнімі бойынша инвестициялаудың жеке стратегияларын енгізу үшін жағдай жасады. Бұл өнімдерді клиенттер 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдана бастады. Жақында өткен шолуда Fitch Ratings рейтинг агенттігі қазақстандық сақтандыру секторы айтарлықтай дәрежеде инвестициялық сақтандыру өнімдерін (Unit-linked) сату есебінен осындай жоғары қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу