Halyk Govtech ұғымын жандандыруда

407

Жиында жетекші халықаралық сарапшылар GovTech дамуындағы трендтерді талқылады.

Halyk Govtech ұғымын жандандыруда Фото: Ашық дереккөз

Ғасырлық тарихы бар Halyk бүкіл әлемде банк секторына белсенді еніп жатқан GovTech ұғымын жандандырып келеді. Бүгінде мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелерді біріктіру, аналитиканы енгізу банк жұмысының ажырамас бөлігіне айналған. Govtech-тің қызмет көрсетуді жақсартудағы рөлін банк өкілдері Елордада өткен Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында баяндады. 

Форум аясында талқыланған өзекті тақырыптардың бірі бизнес-процестерді оңтайландыру және IT-инфрақұрылымды қайта құру. Бұл үрдістер бүгінде Halyk-тың қызмет көрсетуімен үндес десек қате айтқандық емес. Жаңашылдыққа қол созған банк клиенттермен жұмыс істеу кезінде тәуекелдерді бағалау, бағыттау және алдын алуға басымдық беріп, процестерді онлайн жүргізуге икемделген. 

"Біздегі ақпараттық мүмкіндіктер әрбір клиент бойынша дефолт ықтималдығын түсініп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл процестің 84% заманауи технологияны қолдана отырып жүзеге асады. Қазір клиентпен сөйлеспей, клиентті көрмей онлайн режимде шешім шығарылады.  84% - бұл өте жоғары көрсеткіш. Бұл біздің несие портфеліміздің драйвері болып табылады. Соңғы 3 жылда көрсеткіш үш есе өсті. Барлық технологиялар бізге осындай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді", – Halyk АҚ Басқарма мүшесі Жұмабек Мамутов.

Жиында жетекші халықаралық сарапшылар GovTech дамуындағы трендтерді талқылады. Сонымен қатар тараптар арасындағы әріптестікті ынталандыру, әртүрлі елдерде мемлекеттік қызметтер көрсету салаларына инновацияларды енгізуге қалай ықпал ететінін айтып берді. Еліміздің мемлекеттік секторын цифрландыруда Halyk-тың қызметін белсенді бағалауға болады. 

"Біздің табысқа жетуімізге ықпал ететін негізгі факторлардың бірі мемлекеттік секторды цифрландырумен байланысты. Біздің қосымшамызда 51 Мемлекеттік қызмет бар екенін мақтан тұтамыз. Біз электрондық үкіметтен кейінгі мемлекеттік қызметтерге арналған екінші ірі платформамыз. Жыл басынан бері біз өз клиенттерімізге 2,09 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеттік. Бұл мұны шынымен мақтан тұтамыз", – деді Halyk АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев. 

Бүгінгі басқосуда компаниялардың деректерді біріктіру жұмысының маңыздылығы да талқыға түсті. Мамандар деректерді құнды активке айналдыру, ұтымды шешімдер қабылдауда бұл өзгерістер өзекті деп отыр. Сонымен қатар тұтынушылар дерегін топтастыру кез-келген ұйымның операциялық тиімділігін арттыру ықпал етеді деп сенеді.

"Ол үшін өте нақты процестерді құру қажет. Мұндай өңдеу құралдарын қолдану бізге қандай пайда әкеледі? Бұл ақпаратты оқшаулап, одан кейін параллель әр түрлі процестерді іске асырады. Нәтижелерді салыстырып, қаржылық көрсеткіштерді есептеу, жоспарлау жүргізіледі. Осы жоспарлардың мақсаттарына сай әрекет етеміз. Мұның бәрі саладағы эффектілерді өлшеу процесінің қалай құрылғанына байланысты", – деді - Halyk АҚ басқарма төрағасының орынбасары Роман Машчык.

Halyk тобы бүгінде тек банк қана емес, 15 еншілес компаниядан тұратын ауқымды мекемеге айналды. Онда 18 мың қызметкер еңбек етеді.  Басқарма елімізде активтер бойынша 1 – орынды және ТМД-да 3-орынды иеленеді. Белсенді тұтынушылар саны бойынша да көш бастап тұр. Халық банкке жүгінетін қазақстандықтар саны 9 милиион. Ел аумағындағы ең ірі компаниялардың 80% банк қызметін тұтынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу