"Халық қатысатын бюджет" бойынша 28 жоба мақұлданды

549

Түрксіб ауданында "Халық қатысатын бюджет" бойынша 28 жоба мақұлданды және 2022 жылы іске асырылады.

"Халық қатысатын бюджет" бойынша 28 жоба мақұлданды

Бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

"Біздің ауданда "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, оның мақсаты – ауданды абаттандыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға тұрғындарды тарту. Тұрғындардың бастамашыл ұсыныстары бойынша 2021 жылы 22 нысан абаттандырылып, түрлі шағын сәулет нысандары орнатылды, баскетбол, футбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды. 2022 жылы тұрғындардың өтініші бойынша 28 жоба мақұлданды", – деді Н. Лебаев.

Мақұлданған жобаларға Майлин көшесі бойынша жаяу серуендеу аймағын құру (бөлу жолағы), Майлин көшесі, 54 бойынша скверді бөлу, Сейфуллин даңғылы шығыс / батыс жағы бойынша кіру тобын абаттандыру, Ақкербез көшесі бойынша жағалау аймағын жөндеу, сондай-ақ балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары кірді.

Сонымен қатар балалар шығармашылығы үйі, "Әуежай даңқы" скверлерін және ҮАК үш жағажай аймағын абаттандырумен қатар реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Абаттандыру тақырыбын тәмамдаған Н. Лебаев жыл соңына дейін 32,5 мың көшет отырғызу жоспарланғанын хабарлады. Жыл басынан бері 1 530 түрлі тұқым, 1 650 шаршы метр біржылдық, 647 шаршы метр раушан және 620 шаршы метр көпжылдық көшеттер отырғызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу