"Халық" қоры аз қамтылған отбасыларға 20 мың азық-түлік жиынтығын үлестірді

1044

Көмек өңірлік әкімдіктер ұсынған тізім бойынша бөлінді.

"Халық" қоры аз қамтылған отбасыларға 20 мың азық-түлік жиынтығын үлестірді

Бұған дейін "Халық" қайырымдылық қорының төтенше жағдай режимі мен карантиндік кезең салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған көмек көлемінің 20 мың азық-түлік жиынтығын құрағандығы хабарланған еді.

Әр азық-түлік жиынтығының салмағы 60 килограмм. Онда тамақтануда ең қажетті болатын өнімдер: ұн, макарон, өсімдік майы, күріш, шай және тәттілер бар. Көмек өңірлік әкімдіктер ұсынған тізім бойынша бөлінді.

"Халық" қайырымдылық қорының бастамасын еліміздің еріктілер қозғалысы қолдады. ҚР Президенті жариялаған "Волонтер жылы" аясында олар азық-түлік жиынтығын жеткізуге көмектесті.

Алғашқы азық-түлік жиынтығын Қазақстан өңірлеріндегі көмекке мұқтаж отбасылар ала бастады. Өңірлерге, жалпы көлемі 1200 тоннаға жуық азық-түлік үлестіру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу