Halyk Light бағдарламасында тауар құнын бөліп төлеудің мерзімін әр адам өзі таңдайды

3126

Halyk Light бағдарламасында тауар құнын бөліп төлеудің мерзімін әр адам өзі таңдайды

Қазақстанның Халық банкі және оның еншілес ұйымы - Қазкоммерцбанк екі бағыттан тұратын және тауарды бөліп төлеуге мүмкіндік беретін Halyk Light және Homebank Orange тұтынушылық несиелеудің жаңа бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Казкомның баспасөз қызметі.

Halyk Light бағдарламасына Қазақстанның кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін Halyk Bank серіктестерінің желісінде жылдық 0%-бен тауарды бөліп төлеу үшін арнайы карта ашу қажет. Қазірдің өзінде аталған желіде түрлі брендтердің түрлі ассортименттегі: жанұя мүшелері үшін киім-кешек, техника, үй тауарлары және басқа да түрлі тауар ұсынған 500-ден артық дүкен бар. Серіктес дүкеннің шартына байланысты кез-келген тауардың құнын бөліп төлеудің мерзімін әр адам өзі таңдай алады - 3,6,9 немесе 12 ай. Лимиттің ең үлкен көлемі 300 мың теңгені құрайды және тұтынушының төлеу қабілетіне байланысты арнайы бекітіледі.

Halyk Light-тың қосымша артықшылығы бөліп төлеуге мүмкіндік беретін картаны Halyk Bank-тің бөлімшелерінде 15 минуттың ішінде тегін алуға болады. Сонымен қатар, Halyk Bank "Halyk Light-тың әр қатысушысына 3% Сashback" акциясын іске қосатындығы жөнінде хабарлайды. Аталған карта активтендірілген соң бір ай ішінде Halyk Light картасының иелері сондай-ақ әр төлем сомасынан 3% көлемінде кепілдікті бонустарды алатын болады. Акция 2018 жылдың 28 ақпанына дейін (28 ақпанды қоса алғанда) жалғасады.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу