Халық санағы: Азаматтарға қандай сұрақтар қойылады

1292

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкеловтың айтуынша, халық санағын өткізу үшін 91 сұрақтан (69 сұрақтан және 22 нақтылаушы сұрақтан) тұратын санақ парақтары әзірленген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Халық санағы: Азаматтарға қандай сұрақтар қойылады

Бюро басшысының айтуынша, дәстүрлі көрсеткіштермен қатар 2021 жылғы санақ парақтарына, мынадай жаңа сұрақтар енгізілген:
а) халықты есепке алу сәтінде респонденттің орналасқан жері;
б) тіршілік әрекетін шектеу (көрумен қиындықтар, естумен қиындықтар, жүрумен қиындықтар, есте сақтау және/немесе назарды шоғырландыру қиындықтары);
в) ҚР аумағында уақытша тұратын адамның келген елі;
г) келу мақсаты;
д) пандемияның табыс деңгейіне әсері;
е) covid-19-бен ауру және вакциналаудан өтуі.

Қосымша сұрақтарды қосу арқылы кейбір сұрақтар былайша толықтырылған:
а) көші-қон - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды жоспарлау туралы, негізгі себептері мен мерзімдері;
б) неке жағдайы - қазіргі (немесе қайта) некеге тұру туралы;
в) жұмыспен қамтылу – уақытша жұмыспен қамтылмау себептері, жұмыстан тұрақты тұрғылықты жеріне оралу кезеңділігі туралы;
г) бала туу – туған балалар және бірінші мен соңғы баланың туған күндері туралы;
д) тілдерді меңгеру дәрежесі;
е) діні;
ж) бір айдағы табысы.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу