Халық санағы: қатысушылар 87 сұраққа жауап береді

1143

Сауалдар Еуропалық статистердің ұсыныстарына сәйке құрастырылды.

Халық санағы: қатысушылар 87 сұраққа жауап береді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы бойынша Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков 2021 жылғы санақ науқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Санақ парақтарына енгізілген сұрақтар тізбесі өткен санаққа қарағанда кеңейтілді, ол 67 негізгі сұрақ пен 20 нақтылаушы сұрақтан тұрады. Сұрақтар Еуропалық статисттердің ұсыныстарына сәйкес құрастырылды", – деді Айдар Әбілдабеков.

Халық санағын өткізуге білім деңгейіне қарамастан Қазақстан Республикасының кез келген ниет білдірген азаматы қатыса алады. Статистика департаменті санақ қызметкерлерін толық емес жұмысқа қабылдауға дайын. Ниет білдірушілер Абай көшесі, 125 мекенжайы бойынша кадр қызметіне жүгіне алады.

"Әзірге біз бастапқы санақ қызметкерлерін таңдадық. Қазан айында бізге 2 мыңнан астам интервьюер қажет болады, сондай-ақ бізге таңы біраз адам қажет. Барлық тартылған санақ қызметкерлері Алматы қаласының қоғамдық көліктерін тегін пайдалана алады", – деді Айдар Әбілдабеков.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменті мегаполис тұрғындарын санақ науқанына түсіністікпен қарауға шақырады. Сондай-ақ, санақ парақтарын онлайн режимінде толтыра аласыздар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу