Халық санағын онлайн-форматта өтуге болады

1103

Ол sanaq.gov.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.  

Халық санағын онлайн-форматта өтуге болады Фото: Мария Матвиенко

2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталатын халық санағына онлайн және оффлайн форматта қатысуға болады. Алматы қаласы бойынша Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков санақ науқана дайындық туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Спикердің айтуынша өткен екі санаққа қарағанда алдағы науқан барынша цифрландырылған. Ел халқының саны туралы мәліметтерді жинау процесі екі жолмен жүзеге асырылады. 

"Бірінші әдіс – мамандандырылған ресурс арқылы sanaq.gov.kz сайты арқылы. Респонденттер орналасқан жеріне қарамастан өздерінің және отбасы мүшелерінің санақ парақтарын толтыра алады. Портал 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазанға дейін тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады", – деді Айдар Әбілдабеков.

Ал екінші әдіс — дәстүрлі үйді аралау. Санақ жүргізушілер белгіленген мерзім бойынша онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтардың үйін аралайтын болады. Сұхбат алушылар қағаз парақтарының орнына электронды планшеттерді қолданады. 

"Үйді аралау 1-30 қазан аралығына жоспарланған. Электронды сауалнама мен үйді аралау аяқталғаннан кейін интервьюерлер деректің қамтылуы мен дұрыстығын тексеру үшін өз учаскелерінде респонденттердің 10%-ын бақылау мақсатында аралайды. Бұл жерде қай әлеуметтік топқа жататынына қарамастан, әр адамның жауабы үлкен маңызға ие болады. 2021 жылғы ҚР Ұлттық санағының ұранына сәйкес, Қазақстан үшін әрбір адам маңызды", – деді ӨКҚ-де өткен брифинг барысында Айдар Әбілдабеков. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу