Халық санағына қатысқан азаматқа қанша ақша төленеді

930

Халық санағын өткізу кезінде 32 313 адам уақытша жұмысқа орналастырылады. 

Халық санағына қатысқан азаматқа қанша ақша төленеді

Оларға орташа есеппен 109 мың теңгеден беріледі,  деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

"2021 жылғы халық санағын өткізу кезінде бір адамға жұмсалатын шығындар 1,1 АҚШ долларын құрайтынын атап өту қажет. Мысалы, 2009 жылғы санақ кезінде бұл сома 2,9 АҚШ долларын, ал санақ бюджеті 6,5 млрд теңгені құраған еді. Халық санағына жұмсалатын шығындардың төмендеуі цифрлық технологияларды енгізумен және халық санағы процесін автоматтандырумен және қағаз жеткізгіштерден бас тартумен байланысты", - деді Нұрболат Айдапкелов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көршілес елдермен салыстырсақ Қырғызстанда (2021 ж.) бір адамға шаққандағы ұлттық халық санағының құны – 1,2$, Әзірбайжанда (2019 ж.) – 1,44$, Ресейде – 3,6$ (2021 ж.) беріледі. 2018-2023 жылдарға арналған ұлттық халық санағын қаржыландырудың қажетті көлемі 9,1 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытқа дейін 3,5 млрд теңге игерілді. 

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу