"Халық жаздағы қиын жағдайдан сабақ алмаған сыңайлы"

531

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мониторингтік топтардың жұмысын баяндады. 

"Халық жаздағы қиын жағдайдан сабақ алмаған сыңайлы"

Басқарма басшысы өңірде көпшілік жиналатын шаралар жиі ұйымдастырылатынына реніш білдірді. 

"Шілде, тамыз айларында эпидемиологиялық жағдай қиын болды. Біреудің бауыры, келесісінің жақыны, досы ауырды. Алайда халық жаздағы қиын жағдайдан сабақ алмаған сыңайлы. Себебі қазір оның барлығын ұмытып, көп адам жинап той тойлап, ас беру сынды шаралар өткізіп жатыр. Мониторингтік топтар оларға ескерту жасап, айыппұл салуда. Бұл жұмыстар жалғаса береді", – деді басқарма басшысы. 

Сондай-ақ ол болуы мүмкін екінші толқынға дайындық туралы сөз қозғады. Облыстағы инфекциялық стационарларда 2530 орын дайындалған. Қазіргі кезде 250 төсек-орындық аурухана жұмыс істеп тұр. 

"Қалғандары әзірге жұмыс істеп тұрған жоқ. Себебі әзірге қажеттілік жоқ. Инфекциялық стационарлар 12%-ға ғана толған. Қажеттілік туса, қосымша орындар ашылады. Облыстағы ауруханалардың жансақтау бөлімдерінде 253 орын әзірленген. Онда 253 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттары бар. Бұрын өңірде 11 компьютерлік томография аппараты болса, қосымша 7 аппарат келеді. Жалпы саны 18 аппарат жұмыс істейді", – деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу