Халықаралық "Орал" әуежайын жаңғыртуға 1,5 миллиард теңге бөлінеді

691

Халықаралық "Орал" әуежайын жаңғыртуға  1,5 миллиард теңге бөлінеді

Халықаралық "Орал" әуежайы терминалын жаңғыртуға Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 1,5 млрд теңге бөледі, деп хабарлады "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Артур Досқалиев.
"Бүгін "Орал"ӘКК" ҰҚ АҚ мен "Орал" халықаралық әуежайы арасында меморандумға қол қойылды.(...) Осы жылдың аяғында терминалды жаңартуға дайындық жұмыстары басталады. Терминал уақытша халықаралық сектор ғимаратына көшеді және сол жақта жолаушыларға қызмет көрсетеді", - деді Артур Досқалиев "WestKazInvest-2017" IV халықаралық инвестфорумында. 

Артур Досқалиевтің айтуынша, жаңарту жұмыстары 2018 жылдан басталады және 2019 жылға дейін созылады. Жұмысты атқару мерзімі 12 -15 айға жоспарланып отыр. Әуежай аумағы 6 мың шаршы метрге дейін кеңеймек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу