Халықаралық ғарыш станциясына қазақстандық ғарышкер жіберілуі мүмкін

360

Әзірге бұл жұмыстар қашан жүзеге асатыны белгісіз. 

Халықаралық ғарыш станциясына қазақстандық ғарышкер жіберілуі мүмкін Фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халықаралық ғарыш станциясына отандық ғарышкерді жіберу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер министрден “Осыған дейін “Роскосмос” Қазақстан мен Ресейдің қазақстандық ғарышкерді орбитаға жіберу туралы мәселені талқылап жатқанын хабарлады. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?” деп сұрады.

“Қазіргі таңда, қазақстандық зерттеулерді жалғастыру мүмкіндігі пысықталып жатыр. Елімізде ғарыш қызметі бойынша үш ғылыми институт бар екені белгілі. Осы кезеңде біз ғылыми институттармен бірлесіп, халықаралық ғарыш айлағындағы алтыншы бағдарлама аясында зерттеу тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ғылыми бағдарлама таңдалғаннан кейін мерзімдерді нақтылайтын боламыз. Ғарышкерді жіберу үшін тиісті ғылыми бағдарлама болуы қажет. Бүгінде, бірнеше ғылыми бағдарлама жүргізілуде. Осы ғылыми бағдарламаларды іріктеумен комиссия айналысатын болады”, - деді Бағдат Мусин.

Ведомство басшысы бұл жұмыстардың жүзеге асу уақыты туралы нақты айта алмайтынын айтты.

“Ғылыми бағдарлама таңдалған соң, оған сәйкес келетін ғарышкер де белгілі болады. Біз бұл жұмысты жоспарлы түрде бастаймыз. Мен қазір оны іске асыру уақыты туралы нақты айта алмаймын. Мұның бәрі бюджеттік қаржыландыруға да байланысты”, - деп толықтырды спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу