Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде Грузияның Рустави қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталып отыр.
Тергеу дерегінше, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында құқық қорғау органының қызметкеріне 400 АҚШ доллары көлемінде пара берген.
Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында күдіктіге тиесілі массаж салонының атымен жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Грузия аумағында қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу