Министрлік мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарындағы жеңістері үшін төлем ережелерін жаңартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сыйақы мөлшері төмендегідей:
- 1 орын – 1500 АЕК (2026 жылы шамамен 6,49 млн теңге)
- 2 орын – 1000 АЕК (шамамен 4,33 млн теңге)
- 3 орын – 500 АЕК (шамамен 2,16 млн теңге)
Мұғалімдер де сыйақы алады. Мөлшері базалық лауазымдық айлыққа байланысты есептеледі.
- оқушысы "алтын" алса – жалақысының 26,5 есесі;
- "күміс" үшін – 17,5 есе;
- "қола" үшін – 8,5 есе.
Төлемдер бір реттік, жеке беріледі. Ақшалай сыйақы тек осы жылғы жетістіктер үшін және Қазақстан азаматтарына ғана арналған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу