Халықаралық рейстерде duty free тауарын тегін алып өтуге рұқсат етілді

541

FlyArystan duty free тауарларын тасымалдау қағидаларын жаңартты. 

Халықаралық рейстерде duty free тауарын тегін алып өтуге рұқсат етілді Фото: Билетик Аэро

Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасы FlyArystan әуе компаниясының қол жүгінде duty free дүкендерінен алынған тауарларды тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізуге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әуе компаниясының қызметін талдау барысында duty free саудасынан сатып алынған өнімдерді тегін тасымалдауға қатысты шектеулердің заңға қайшы екені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде FlyArystan өз ішкі қағидаларын түзетті.

2025 жылғы 1 қазаннан бастап халықаралық рейстердің жолаушылары duty free тауарларын қол жүгінде тегін алып өте алады. Жаңартылған құжат әуе компаниясының ресми сайтында жарияланады", – деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы. 

Прокуратура мұндай өзгерістер заңнаманы бірыңғай қолдануды қамтамасыз етіп, жолаушылар үшін түсінікті жағдайлар қалыптастыратынын және әуе компаниясы жұмысының ашықтығын арттыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу