Халықаралық рейтинг агенттігі "КазАгро-ға" оң баға берді

924

Халықаралық рейтинг агенттігі "КазАгро-ға" оң баға берді

Халықаралық рейтинг агенттігі "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға оң баға берді, деп хабарлайды kase.kz.

Moody’s Investors Service Ltd. рейтинг агенттігі "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға "Ba1" деңгейінде шетел валютасындағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді несиелік эмитент рейтингінде "Тұрақты" деген баға берді. Ұлттық меже бойынша рейтинг Aa2.kz деңгейінде берілді.

Айта кетсек, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ,  "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" ЖШС енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу