Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

109

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан мен Өзбекстан кітапханаларындағы жазба мұраны сақтау бағытындағы халықаралық жоба аясында тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жоба мақсаты – Орталық Азиядағы жазба мұраны сақтау мен қалпына келтіру ісімен айналысатын мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру.

Дәрістерді Грекия мен Түркиядан келген халықаралық сарапшылар жүргізді. Оқытуға Қазақстанның әр өңірінен келген 30 реставратор қатысты.

5 күн бойы қатысушылар көне қолжазбаларды сақтау мен қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін, тарихи кітап түптеу ерекшеліктерін зерттеу және жазба мұраларды қалпына келтіру әдістерін меңгерді.

Бұл бастама құнды қолжазбаларды сақтауға, реставраторлардың кәсіби деңгейін арттыруға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу