Халықаралық стандартталған тест ұпайын ҰБТ балына ауыстыруға болады

1342

Осындай сертификаттары бар тұлғалар грант беру конкурсына қатыса алады.

Халықаралық стандартталған тест ұпайын ҰБТ балына ауыстыруға болады

ҰБТ тапсырудағы биылғы жылғы жаңашылдықтың бірі – халықаралық стандартталған тест ұпайларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге ауыстыру шкаласының енгізілуі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлім етті.

"SAT, АСТ, IB халықаралық стандартталған тестілер балын ҰБТ балына ауыстыру шкаласын енгіздік. Көрсетілген сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-дан босатылып, грант беру конкурсына қатыса алады. Егер SAT болса, SAT reasoning және SAT subject болуы керек. Осы екі сертификатты ҰБТ тапсыру пунктіне тапсырсаңыз, біз сол сертификаттарды ҰБТ баллы ретінде көрсетеміз", – деді Дидар Смағұлов

Айта кетсек, биыл да БҰТ қағаз форматта өтеді. Барлығы 140 балл алу үшін 120 сұраққа жауап беру керек. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу