Халықаралық тасымалдау саласында артық талаптар күшін жояды

337

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Халықаралық тасымалдау саласында артық талаптар күшін жояды Фото: inbusiness.kz

Көлік прокурорлары халықаралық автомобиль тасымалдарын реттеу саласындағы бірқатар нормативтік актілерге түзетулер енгізілген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы бұйрығын зерделеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өзгерістер тасымалдауды жүзеге асыруға, автокөлік құралдарына рұқсат карталарының қолданылу мерзімдері бойынша талаптарды күшейтті және тұтастай алғанда 6 мыңға жуық отандық тасымалдаушының жағдайын қиындатты. Бұл - бейінді министрлік аталған бұйрықты құқықтық инновациялардың халықаралық тасымалдаушылар мәртебесіне түсетін кәсіпкерлердің қызметіне қалай әсер ететінін міндетті алдын ала талдаусыз қабылдағанының салдары (Кәсіпкерлік кодекстің 82-бабы). 

"Осыған орай көлік прокуратурасы өз ұсынысында жаңадан құрылған көлік министрлігінің алдына заңдылықтың бұзылуын жою және осы салада бизнес жүргізу үшін рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдау туралы бірқатар сұрақтар қойды.

Бүгінгі таңда министрлік басқа уәкілетті органдармен бірлесіп, бұйрықтан тасымалдаушылар ұсынатын артық құжаттар мен мәліметтерді алып тастауды көздейтін жаңа түзетулер әзірледі, өйткені олар туралы бірқатар қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың цифрлық дерекқорларында бар (қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем декларациясы, жүргізушілермен жасалған еңбек шарттарының көшірмелері және т.б.)", деп жазды ведомстводан.

Осы түзетулерді қабылдау тиісті құжаттама пакетін үштен бірге қысқартуға және тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу