Халықаралық валюта қоры: Еліміздегі ЖІӨ 2,5-2,8% деңгейінде болжануда

583

Халықаралық валюта қорының еліміздегі миссия басшысы Николя Бланше биылғы ЖІӨ мөлшері  2,5-2,8% болады деген болжам жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Халықаралық валюта қоры: Еліміздегі ЖІӨ 2,5-2,8% деңгейінде болжануда

"Орта мерзімді перспективада алдағы жылдары шамамен 3,5% болады. Осыған байланысты бірқатар тәуекелдер де баршылық. Оған Ресей-Украина соғысы салдарының нашарлауы, Ресейге қарсы санкциялар жатады. Бұл инфляцияның өсуіне, логистикалық тізбектермен байланысты үзілістердің болуына әкелуі мүмкін", – деді ол. 

Спикердің айтуынша, бұл әлеуметтік шиеленіс пен қоғам наразылығын тудыруы мүмкін. Бұдан бөлек сыртқы жағдайға қатысты тәуекелдер де бар болып шықты. 

"Бұл Ресей аумағы арқылы қазақстандық мұнайды экспорттайтын негізгі мұнай құбырларымен тікелей байланысты", – деп жауап берді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу