Халықаралық велосипедшілер одағы рейтингті жаңартты

1086

Жаңартылған олимпиадалық рейтингте Қазақстан 19-орында тұр. 

Халықаралық велосипедшілер одағы рейтингті жаңартты Фото: olympic.kz

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) ресми сайтында спортшылар мен елдердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Жаңартылған олимпиадалық рейтингте Қазақстан 19-орында тұр. Рейтинг көшбасшыларының ішінде Франция 1-орында, Бельгия құрамасы 2-ші, Италия 3-орынға жайғасқан.

Жеке спортшылар рейтингінде Қазақстан құрамасынан көшбасшы Алексей Луценко 22-орынға көтерілді.  Алексей UCI-дің Азиядағы абсолютті көшбасшысы атанып тұр. Оның еншісінде 1688 ұпай бар.

Айта кетерлігі, 15 қараша күні Халықаралық велосипедшілер одағы рейтингке сәйкес 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алған елдер тізімін жариялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу