Халыққа қызмет көрсету орталығының және медицина қызметкерлері заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысқан

127

Қарағанды облысы прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. 

Халыққа қызмет көрсету орталығының және медицина қызметкерлері заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысқан Фото: AndreyPopov

Қылмыстық схемаға Халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық мекемелердің қызметкерлері және "көмекшілер" деп аталатындар кірген, деп жазады inbusiness.kz сайты Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Ақшалай сыйақылар үшін шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсат заңсыз берілген.

Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш берген кезде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы мен келісімі талап етіледі, бірақ шетелдіктерді тіркеу заң талаптарын елемей жүргізілген.

Сонымен қатар, 2 электрондық-цифрлық қолтаңба заңсыз шығарылып, "eQonaq" ақпараттық жүйесінде шетел азаматтарының келуін тіркеу туралы 30-дан астам хабарлама беру үшін пайдаланылған.

Мұның бәрі электронды-цифрлық қолтаңба иелерінен жасырын жасалған.

Шетелдіктерді тіркеу бойынша заңсыз схемалар ел аумағына деструктивті тұлғалардың кіруіне мүмкіндік береді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу