Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс форматын өзгертудеміз. Жаңа халықтың цифрлық кеңселерінде азаматтар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Қажет болған жағдайда консультант көмектеседі. Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мəселесі шешілді. Əкімдіктер ғимараттарды дайындауды аяқтап, кеңселерді жыл соңына дейін ашу қажет", – деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.
Оның сөзінше, қалған алты өңірде жұмысты жеделдетіп, қаржыландыруды қамтамасыз ету жəне кеңселердің ашылу күндерін нақты белгілеу қажет. Жаңа форматтағы қызметтер барлық өңірде қолжетімді болуы тиіс екені айтылды.