Халыққа зейнетақы қорындағы ақшасын басқаруға мүмкіндік беріледі

521

Алайда, ақша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болса ғана мемлекет кепілдік береді

Халыққа зейнетақы қорындағы ақшасын басқаруға мүмкіндік беріледі Фото: inbusiness.kz

Бір айдан кейін, яғни, 1 шілдеден бастап салымшылар зейнетақы қордағы жинақтарының тең жартысын инвестициялық компанияларға бере алады. Алайда, ол компания ұнамай қалса, оны өзгертуге немесе қаражатты кері зейнетақы қорына аударуға болады. Бұл туралы Еңбек министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Сұрақ мынандай болады. Ол қандай компаниялар сенім артылатын болады? Ол компаниялардың тізімі шықты ма? Бұрындары сенімгерлік компания 4-еу болатын сол компаниялар қала ма жоқ әлде оның тізімі жаңара ма? Және сол компаниялар қандай шарттарға сәйкес қабылданатын болады. Егер сіз зейнетақы қорындағы 50 пайыз ақшаңызды аудардыңыз, ол компания ұнамай қалса, қай уақытта қайта аударасыз? Соның ережелері, талаптары жария етілсе", - деді экономист Мақсат Халық.

Мемлекет қазірден бастап бір дүниенің басын ашып алды. Яғни, ақшаңыз бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында болса ғана кепілдік береді. Ал, егер оны басқарушы компанияға аударатын болсаңыз, ол қаражатқа сол компания жауапты. Тағы бір айта кетерлігі, компанияның табысы зейнетақы активтерінің табысынан төмен болса, басқаруш компания арадағы айырманы салымшыға төлеуге міндеттеледі. Ал, қордағы жинағын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдағандар бірыңғай зейнетақы қорына жүгіне алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу