Халықты жалға берілетін баспанамен қамту бойынша кешенді шаралар қабылданады

585

Бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленеді. 

Халықты жалға берілетін баспанамен қамту бойынша кешенді шаралар қабылданады

"Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылады. Өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетін ескере отырып, өсу нүктелері қалыптастырылады. Шекара маңындағы аумақтарда қазақстандық тауарларды ілгерілету үшін ынтымақтастық кеңейтіледі. Бұл мақсатта барлығы 2 шараны жүзеге асыру көзделген", – деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Министр халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыру күн тәртібінде тұратынын тілге тиек етті. 

"Азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және емделу үшін пайдалануға мүмкіндік беріледі. Жалға берілетін тұрғын үйді дамыту, әлеуметтік жағынан осал халықты жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені қабылданады. Әлеуметтік және демографиялық саясатты жетілдіру жалғасады", – деді Руслан Дәленов. 

Сөз арасында ол оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін Бірыңғай онлайн білім беру платформасы әзірленетінін айтты.

"Білім беру жүйесіне білікті кадрлар тартылады. Педагогтардың мәртебесі артады. Кәсіби білім беру еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға қайта бағдарланады. Елдің ғылыми әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылады", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу