Халықтың қай санаты газды 20 пайыз жеңілдікпен ала алады?

923

Тұрғын үй көмегіне мұқтаж аз қамтылған азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек мұқтаж жандар төмендетілген бағамен газ ала алады деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықтың қай санаты газды 20 пайыз жеңілдікпен ала алады?

Қарағанды облысында 1 текше метр газдың бағасы 36,4 тг, ал АӘК және тұрғын үй көмегін алушылар үшін 29,1 тг құрап отыр.

Түркістан облысы мен Шымкентте 1 текше метр газ 29,1 тг тұрса, ал аталған көмек түрлерін алатындар үшін 23,2 тг болып белгіленген.

Тұрғын үй көмегіне мұқтаж аз қамтылған азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың төмендетілген бағамен газ ала алады. 11 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада тұратын АӘК пен тұрғын үй көмегін алушылар үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-дағы  газды сатудың бөлшек бағалары 20%-ға төмен. 

Былтыр елімізде атаулы әлеуметтік көмек 990,5 мың адамға тағайындалды. Олардың басым бөлігі Түркістан облысы (237,5 мың адам), Шымкент қаласы (225,8 мың адам) және Алматы облысының (115,1 мың адам) тұрғындары.

Әлеуметтік төлемдердің ең жоғары орташа айлық мөлшері Астана (8,4 мың тг), ШҚО (8,4 мың тг) мен Алматыда (8,1 мың тг) тіркелді.

Мемлекеттік тұрғын үй көмегін алушы отбасылар саны 32,2 мыңды құрады. Олардың ең көп саны Қызылорда (4,6 мың), Шығыс Қазақстан (4,1 мың) және Жамбыл (4 мың) облыстарында тұрды.

2021 жылғы тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері – 3,3 мың теңге. Ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау (8,4 мың теңге), Қызылорда (6 мың теңге), Түркістан облыстарында (6 мың теңге) тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу