Халықтың нақты кірісі 8 айда 3,5 пайызды құрады

815

Данияр Ақышев негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер туралы айтып берді.

Халықтың нақты кірісі 8 айда 3,5 пайызды құрады

Ішкі сұраныстың кеңеюі жалғасуда. Халықтың нақты кірістері 8 айда 3,5%-ды құрады. Орта мерзімді кезеңде аталған фактордың проинфляциялық қысымы ең төменгі жалақы деңгейінің алдағы өсуімен нығайтылатын болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтып берді, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі. 

Ол, сондай-ақ ішкі сұранысты ынталандыруға тұтынушылық мақсаттарға кредиттеудің өсуі қолдау көрсететінін айтты. Тамызда тұтынушылық кредиттер портфелінің өсуі жылдық көрсеткіш бойынша 12%-ды құрады. 

"Экономиканың нақты өсуінің оның әлеуетті деңгейінен асуын көрсете отырып, ІЖӨ-нің оң айырмасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың мәні 2018 жылдың 9 айында 104,8%-ды құрады. Тау-кен өндіру және өңдеуші өнеркәсіптер, көлік және сауда өсуге оң үлес қосты", - деді ол. 

Данияр Ақышев, сонымен қатар сыртқы сектордағы ахуал, біріншіден, жетекші орталық банктердің монетарлық талаптарды қатаңдатуымен сипатталатынын айтты. Сондай-ақ, жекелеген дамушы елдерде негізгі мөлшерлемелердің өсуі байқалды, себебі АҚШ долларының тартымдылығының өсуі дамушы нарықтардан капиталдың әкетілуіне және олардың ұлттық валюталарының әлсіреуіне әкелді. Аталған жағдай Қазақстанға да әсерін тигізді. 

"Екіншіден, Қазақстанның негізгі сауда-саттық әріптестері болып табылатын елдерге қатысты сауда-саттықтағы келіспеушіліктер мен санкциялық шаралардың күшеюі аясында осы елдердегі инфляцияның өсуі байқалып отыр", - деді Данияр Ақышев. 

Оның айтуынша, осы елдердегі инфляцияның нысаналы көрсеткіштерден жоғары деңгейге дейін одан әрі үдемелі өсуін күту биылғы және келесі жылдарда Қазақстандағы проинфляциялық қысымның негізгі факторларының бірі болып қалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу