Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге бөлінеді

850

Республикалық бюджеттің шығысы 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды.  

Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге бөлінеді

Бүгін Үкімет отырысында 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Үкімет Президент тапсырмаларына, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты шығыстарға, бұрын қабылданған шұғыл міндеттемелерді іске асыруға бюджеттен бөлінетін қосымша қаржыны нақтылаған.

"Бұл бағыттарға бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды", – деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр бюджет шығыстары ненің есебінен ұлғайтылатынын түсіндірді.

"Бюджеттің өз кірістері – 1,1 трлн теңге, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ұлғайту – 1,6 триллион теңге.

Президенттің тапсырмаларын іске асыруға қосымша 1,8 трлн теңге бағытталады", деді ведомство басшысы.

Ерұлан Жамаубаев халықтың табысын арттыру бойынша шараларды іске асыруға 197 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.

"Бұл қаражат аясында жастарды қолдау, өз бизнесін ашу үшін микрокредит беру, жалға алынған тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған басқа да маңызды іс-шаралар қамтамасыз етіледі", – деді министр.

Сондай-ақ ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары аясындағы шараларға 238 млрд теңге, өңірлерді дамытуға 476 млр теңге көзделіп отырғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу