Қозғалыстың әлеуметтік желідегі парақшасында арағайын елдер ұсынған құжатпен жіті танысып жатқаны жазылған. Алайда ұсыныстың нақты мазмұны айтылмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты Рейтерске сілтеме жасап.
ХАМАС: "Израиль Газада атысты тоқтатып, гуманитарлық көмектің кіруіне рұқсат беріп, анклавтан әскерін толық шығаруы керек", – деп отыр.
Палестиналық Маан агенттігі бітімнің жобасын жариялады. Келтірілген мәліметтерге қарағанда ХАМАС 10 Израиль тұтқынын босатуы және қаза тапқан 18 адамның сүйегін беруі тиіс.
Бұған қарымта ретінде 60 күнге оқ ату тоқтайды. Еврей әскері Газаның оңтүстігіне қарай шегінеді.
Кеше АҚШ президенті Трамп Израиль ХАМАС-пен 60 күндік бітімге келуге даяр екенін мәлімдеген болатын.