ХАМАС Израиль тұтқындарын босатуға келісті

176

Израиль тарапы тұтқынға түскен палестиналықтарды қайтаруы тиіс. 

ХАМАС Израиль тұтқындарын босатуға келісті Фото: Anadolu Agency

ХАМАС Израильмен бітім туралы келіссөздер аясында тірі қалған барлық тұтқынды – 10 адамды босатуға келісім берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Израильдің мәліметінше, он тұтқын тірі. Келісім аясында бұл адамдарды палестиналық тұтқындарға айырбастау көзделіп отыр.

Бұдан бөлек ХАМАС 60 күндік уақытша бітім шеңберінде қаза тапқан 18 тұтқынның денесін беруге дайын екенін хабарлады. 

Ұйымның хабарлауынша, келіссөздер кезінде шешімін таппаған мәселелер бар. Бұл  гуманитарлық көмектің жеткізілуіне, Израиль әскерінің Газадан шығарылуына және атысты толық тоқтатуға кепілдік беруге қатысты.

Келіссөздерде АҚШ ұсынған уақытша бітім жобасы талқыланып жатыр. Онда Израиль тарапы 120-дан астам палестиналық тұтқынды босатуы тиіс екені айтылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу