ХАМАС кепілдікке алған студент қыз көз жұмды

298

Содырлар жариялаған видеода осы қыз түсірілген

ХАМАС кепілдікке алған студент қыз көз жұмды Фото: X/@IsraelMFA

ХАМАС кепілдікке алған Германия азаматы Шани Лук қайтыс болды. Оның қазасын анасы Рикарда Лук растады, деп хабарлайды Inbusiness.kz NTV телеарнасына сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай кеше қызым тірі емес деген қаралы хабар алдық", – деді Рикарда Лук. Дегенмен, қыздың қайтыс болғанын растайтын ресми мәлімет жоқ.

Қазанның басында ХАМАС Израилдегі Nature Party музыка фестиваліне шабуыл жасағанда 22 жастағы Шани Лукты ұрлап әкеткен. Соғыстың алғашқы күні содырлар жариялаған видеода осы қыз түсірілген, ол автокөлікте жартылай жалаңаш, аяғы сынып жатқан болатын. Туыстары оны денесіндегі татуына қарап таныған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу